Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 2019 жылғы сәби коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Түркістан облысында 3 сәуірде коронавирус анықталған үш пациентке қатысты мәлімет пайда болды. Олардың бірі 2019 жылғы сәби деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, үш пациенттің бірі Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының 1992 жылғы тумасы.

Ол Біріккен Араб Әмірлігінен келген азаматпен байланыста болған.

Екінші пацинет 1991 жылы туған азаматша мен 2019 жылы туған нәресте Нұр-Сұлтаннан пойызбен келген азаматшамен жақын байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Қазіргі аңда аталған пациенттермен байланыста болғандарды анықтау, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, елімізде 3 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 460-қа жетіп отыр.

Олардың 29 сауығып, (Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда 13) ауруханадан шыққса, вирустан үш науқас қайтыс болды. Қайғылы жағдай Ақмола, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Сонымен қатар бүгін алғаш рет Қостанай облысында алғаш рет коронавирус жұқтырған адам анықталды. Ол 1991 жылғы азаматша болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848938-trkistan-oblysynda-2019-zyly-sbi-koronavirus-zktyrgan/

pixel