Жұмағалиев: 42 500 теңгеден жәрдемақы төлеуге арналған Telegram-бот әлі іске қосылмады
Опубликовано:
Цифрлық даму министрлігінің басшысы төтенше режимнің енгізілуіне байланысты мемлекеттен 42,5 мың теңге мөлшерінде жаңа әлеуметтік жәрдемақы төлеуге арналған Telegram-бот әлі іске қосылмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асқар Жұмағалиев іске қосылған Telegram-бот жүктемеге төтеп бере алмады деген ақпарат болғанын атап өтті.
Министр бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Ол ресми түрде 42 500 теңге төлем қызметіне арналған telegram-ботының әлі іске қосылмағанын хабарлады. Өнім әзірлеу сатысында және жақын арада жұмыс істей бастайды.
Жұмағалиев оның іске қосылуы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жария етілетінін айтты. Сондай-ақ, оны пайдалану туралы түсіндірмелер берілетін болады.
Осыған дейін Coronavirus2020.kz порталында Telegram бот арқылы осы әлеуметтік жәрдемақыны қалай алуға болатыны туралы кезең-кезеңді нұсқаулар жарияланған болатын.
Ол кезде боттың 2 сәуірден бастап жұмыс істейтіні айтылды. Алайда, көптеген қазақстандықтар қажетті процедураны сәтсіз өткізгеннен кейін құрылған қызмет жұмыс істемейді деп шағымдана бастады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848999-zmagaliev-425-tegeden-zrdemaky-tleuge-arnalgan-telegram-bot-li-iske-kosylmady/