Үш өңірде 20 науқас тіркелді: Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 551-ге жетті
Опубликовано:
Қазақстанның үш өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 20 адам тіркелді. Осылайша, елімізде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 551-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"5 сәуірдің 09.15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi, Жамбыл облысында - 17 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 2 адам", - делінген хабарламада.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам,
Алматы қаласында – 110 адам,
Қарағанды облысында - 27 адам,
Ақмола облысында - 20 адам,
Атырау облысы - 22 адам,
Жамбыл облысында - 28 адам,
Шымкент қаласында - 13 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам,
Ақтөбе облысында - 10 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 3 адам,
Қызылорда облысында - 30 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 25 адам,
Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 551 науқас тіркелді.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 5 адамға жеткені туралы хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849052-elimizde-koronavirus-infekciasyn-zktyrgandardy-sany-551-ge-zetti/