Шымкентте бір адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды
Опубликовано:
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан алтыншы адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 551-ге жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам,
Алматы қаласында – 110 адам,
Қарағанды облысында - 27 адам,
Ақмола облысында - 20 адам,
Атырау облысы - 22 адам,
Жамбыл облысында - 28 адам,
Шымкент қаласында - 13 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам,
Ақтөбе облысында - 10 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 3 адам,
Қызылорда облысында - 30 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 25 адам.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849068-symkentte-bir-adam-koronavirus-infekciasynan-kajtys-boldy/