Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған жігіт туралы тың дерек шықты
Опубликовано:
Жамбыл облысында коронавирус анықталған тағы бір адамға қатысты мәлімет пайда болды. Ол елордадан Тараз қаласына жеке көлігімен келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 6 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адамның анықталғаны хабарланды.
Ол 1992 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Ер азамат жеке көлігімен Тараз қаласында тұратын ата-анасына келген.
Ер адам 5 сәуір күні ЖРВИ белгілерімен провизорлық стационарға жатқызылған.
Оның коронавирус инфекциясына тапсырған лабораториялық талдауы оң нәтиже көрсеткен.
"Пациентпен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, карантиндік стационарға жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, шағым жоқ", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, COVID-19 инфекциясы анықталған ер азаматтың мекен-жайы мен барған жерлеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілген.
6 сәуір 17:00-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырған тағы 25 адам тіркелген. Олардың 19-ы Ақмола облысында, алтауы Жамбыл облысында.
Жалпы алғанда Жамбыл облысында COVID-19 инфекциясы 35 адамнан анықталып отыр.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849288-zambyl-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-zigit-turaly-ty-derek-sykty/