Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында 6 тұрғынның қайдан коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

Жамбыл облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған алты адамға қатысты жаңа дерек шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Айта кетейік, 6 сәуір сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша елімізде тағы 25 адамнан коронавирус анықталды. Олардың алтауы осы Жамбыл облысынан.

coronavirus2020 ресми сайтының мәліметінше, аталмыш пациенттер 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылғы Қордай ауданының тұрғындары.

Алдын ала мәліметтер бойынша, олар вирусты 17 наурызда Қордай ауданына туысының жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынынан жұқтырған.

Қазіргі таңда олармен байланыста болған адамдарды анықтау, карантин стационарына орналастыру, зертханалық зерттеуге материалдарды саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиялық қызмет пациенттердің тұрғылықты мекенжайлары мен болған орындарын дезинфекциялауда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 6 сәуірде коронавирус табылған тағы бір адамға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болған еді.

Анықталғандай ол 1992 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Ер азамат жеке көлігімен Тараз қаласында тұратын ата-анасына келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849316-zambyl-oblysynda-6-trgynny-kajdan-koronavirus-zktyrgany-belgili-boldy/

pixel