Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда төтенше жағдай режимі енгізіледі

Опубликовано:

Коронавирустың өршуіне байланысты Жапонияда төтенше жағдай режимі енгізілмекші деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, үкімет басшысы Синдзо Абэ оны сейсенбі күні жариялайды. Ал шектеу шаралары сәрсенбіден бастап күшіне енеді. Алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай Токио мен Осакада жарияланады.

Себебі, бұл екі қалада 1000-нан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген. Ал, бүкіл ел бойынша инфекцияға шалдыққандардың саны 3500-ден асады. 85 адам көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 наурыз күні коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстан аумағына төтенше жағдай енгізілді.

Айта кетейік, елімізде 42500 теңге жәрдемақы алуға өтінім беру үшін әр өңірге жеке Telegram-бот ашылды. Бұл туралы Цифлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, әлеуметтік төлем алуға өтінім беру арналарының санын арттыру мақсатында бүгін Telegram арнасынан жаңа Bot іске қосылған. Қабылданған 44 433 өтінім міндетті түрде өңделеді.

"Бізге қазір Bot-тың өте баяу жұмыс істеп тұрғаны туралы азаматтар шағымдануда. Бұл пайдаланушылар санының көптігіне байланысты. Сондықтан біз жүктемені азайту мақсатында Bot-ты аймақтарға бөлу туралы шешім қабылдадық. Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, Еgov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда", - деді Жұмағалиев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849325-zaponiada-ttense-zagdaj-rezimi-engiziledi/

pixel