Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Осы жылы екі пайызбен ипотека беріле ме: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев осы жылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі азаматтардың кейбір санатына 2 пайызбен ипотека беретінін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі үкімет отырысында айтып берді.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл 49 миллиард теңге есебінен көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдікті қарыздар беруді жалғастырады", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның сөзінше, 5 мың азамат баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады.

Бүгінгі күні тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдан бастап 49,3 миллиард теңге сомасына 4 955 несие берген.

Айта кетейік, 2 пайызбен ипотекаға үй алу үшін әкімдікте кезекте тұру керек, сондай-ақ, өз атыңызда және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.

Бұл ипотека өткен жылы "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында берілген еді.

Сонымен қатар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Ляззат Ибрагимова екі пайыздық баспана несиесін алуға қатысты үш кеңес берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849400-osy-zyly-eki-pajyzben-ipoteka-berile-me-ministrlik-zauap-berdi/

pixel