Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында коронавирус жұқтырған төрт адам жайлы не белгілі

Опубликовано:

8 сәуір күні таңертең Атырау облысында коронавирус жұқтырудың 4 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде Атырауда 3, Жылыой ауданында 1 адам анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысында коронавирус жұқтырған төрт адам жайлы не белгілі
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Олар бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық анализдер алынды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, деп хабарлады Мемкомиссияның жедел штабы.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емдеу жүргізіледі.

Науқастармен байланыста болғандар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус инфекциясына шалдыққан тағы 7 науқас анықталғаны туралы хабарлаған едік. Осылайша, елімізде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 704-ке жетті.

Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.

Айта кету керек, әлемде соңғы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849607-atyrau-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-trt-adam-zajly-ne-belgili/

pixel