Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин 38 жасқа толды

Опубликовано:

Әлемді мойындатқан қазақстандық былғары қолғап шебері 38 жасқа толды. Геннадий Головкин Қарағанды қаласында дүниеге келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Геннадий Головкин 38 жасқа толды
Фото: Instagram / gggboxing: UGC

Кәсіби спортшы 1982 жылы 8 сәуірде дүние есігін ашқан.

Қазіргі таңда Головкин WBC, IBO, WBA және The Ring тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып саналады.

Сонау 2004 жылы олимпиада ойындарында қарағандылық былғары қолғап шебері ел қоржынына күміс медаль салған болатын. Одан бөлек, Головкин - кәсібилер арасында екі дүркін әлем чемпионы.

Айта кетейік, әлемдік спорт сарапшысы Дэн Рафаэль Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі жайлы өз ойын айтқан болатын. Бұған дейін бокс кеші Қазақстанда өтеді деген болжам жасалды.

Алайда жаңа коронавирус инфекциясының таралуына байланысты мұны жүзеге асыру мүмкін болмай тұр.

Сонымен қатар, Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесу қашан өтетінін жазған болатынбыз.

Айта кету керек, қазіргі кезде отандасымыз өз отбасының жанынан табылып, сонда уақыт өткізгенді жөн көрген. Осылайша, наурыз айының басында Головикн ұлымен бірге Диснейлендке барған сәтінен фото жариялаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849616-gennadij-golovkin-38-zaska-toldy/

pixel