Қазақстанда митинг өткізу тәртібі қайта қаралды

Опубликовано:

Парламент төменгі палатасының депутаттары елдегі митингілерді өткізу тәртібін реттейтін заң жобасын мақұлдады. Құжат парламенттің жоғары палатасына қарауға жіберілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

"ҚР-дағы бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" заң жобасы екінші оқылымға қайта дайындалды. Мәселен, құжатқа бұрын болмаған жиын өткізу пайдасына презумпция енгізілді. Осылайша, аталған жиынды өткізуге тыйым салуға немесе шектеуге негізді себептер болмаған жағдайда, жиын өтуі мүмкін.

Бұл ретте, бейбіт жиналысты ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат бермеуі мүмкін мән-жайлардың толық тізімі анықталды.

Депутат Қанат Мусин атап өткендей, басқа жағдайлар бейбіт жиналысқа тыйым салуға себеп бола алмайды. Сондай-ақ, митинг өткізу орнына арналған даулы мәселе де өз шешімін тапты: егер осыған дейін митинг елді мекендердің шетінде өтсе, енді заң жобасымен бұл тармақ қайта қаралған.

Бұл арнайы орындар қалалар мен ауылдардың орталығында болуы тиіс.

Пикеттеу түріндегі бейбіт жиналыстар тек арнайы орындарда ғана емес, сондай-ақ пикеттеуге заңмен тікелей тыйым салынғандардан басқа кез келген басқа жерде өткізілуі мүмкін. Заң жобасында мұндай орындардың толық тізбесі айтылған.

"Айта кету керек, бұл тізімде парламент пен үкіметті қоса алғанда, бірде-бір мемлекеттік орган жоқ", - деді Мусин.

Митингілер, жиналыстар, пикеттер түрінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін хабарлау тәртібі енгізіледі.

Пикеттеуден демонстрацияға дейін бейбіт жиындар тек рұқсат бойынша өткізілетін қолданыстағы заңға қарағанда, енді ұйымдастырушы жергілікті билікті бейбіт жиналысты жоспарлайтыны туралы хабардар етсе жеткілікті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849648-kazakstanda-miting-tkizu-trtibi-kajta-karaldy/