jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда коронавирусты емдеуде қандай дәрілер қолданып жатыр

: UGC

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева клиникалық хаттама және коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирусты емдейтін дәрілер тобы аталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жалпы республикада 1037 клиникалық хаттама жұмыс істейді.

"Әлемде COVID-19 таралуы басталғанда Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты аса қауіпті инфекция санатына жатқызды. Ал жұқпалы аурулардың жетекші мамандары пульмонологтармен, реаниматологтармен бірге жаңа клиникалық хаттаманы әзірледі және осы жылдың 3 ақпанында денсаулық сақтау министрлігі сапа жөніндегі бірлескен комиссияның отырысында мақұлданды.
Шетелдік әріптестермен үнемі онлайн-кездесулер өткізіп, BMJ (British Medical Journal), Вили (АҚШ), Ланцет халықаралық журналдарында жарияланымдарды зерттегеннен кейін, әлемде коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеудің жаңа білімі мен тәжірибесі пайда болғандықтан, қазақстандық клиникалық хаттама жаңартылды. Бүгінгі таңда оның бесінші нұсқасы мақұлданды. Олармен денсаулық сақтау министрлігінің сайтында таныса аласыз", - делінген хабарламада.

Гидроксиохлорин профилактика үшін COVID-19 пациентіне күтім жасайтын және оны емдейтін медицина қызметкерлері арасында анықталған. Қазақстанда препарат бар.

Науқастарды емдеу үшін: Лопинавир / Ритонавир, Гидроксихлорокин, Азитромицин, Рибавирин препараттары көрсетілген.

Клиникалық хаттамада резервтік емдеу режимдері бар: Хлорохин, Ремдисивир Қазақстанда әлі жоқ.

Үндістаннан Хлорохин сатып алу бойынша экспорт жабылды, жеткізушілермен келіссөздер жүргізілуде. Ремдесивир препараты клиникалық зерттеу кезеңінде, өндірушімен келіссөздер жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Лукашенко коронавирус жұқтыру қаупінің кімдерде басым екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстанда коронавирусты емдеуде қандай дәрілер қолданып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.