Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада коронавирустан көз жұмған үшінші науқас жайлы тың деректер пайда болды

Опубликовано:

Ақмола облысында COVID 19-дың құрбаны болған үшінші адамға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Белгілі болғандай науқастан коронавирус диагнозы қайтыс болған соң анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

6 сәуірде Целиноград ауданы Аққайың ауылындағы "Шапағат" арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1929 жылы туған әйел адам көз жұмды.

Оның қазасынан кейін денесін ашу барысында зейнеткерден короновирус анықталған.

Ақмола облысының бас дәрігері Сүлен Ілиясов 91 жастағы қарт кісінің жүре алмағанын, оның сәйкес ауруы болғанын атап өтті. Алайда, жағдайының күрт нашарлауы байқалмаған. Дәрігердің айтуынша, әйел адам қартайғаннан әлсіреп қалған.

Ол қайтыс болған күні "Шапағат" орталығында коронавирус жұқтырудың бірден 19 дерегі анықталған. Инфекция 1933 пен 1984 жылы туған адамдар арасында тіркелген.

Мекемеде вирустың өршуінен төсек тартып жатқан 73 жастағы науқас қайтыс болған. Ол 2 сәуірде көз жұмды, ал оның диагнозы 4 сәуірде қойылған.

Содан кейін орталықта тексеріс жүргізіліп, сынамалар алу арқылы инфекция жұқтырған жаңа науқастар анықталған.

Нәтижесінде мекемеде ем алып жатқан 146 пациенттің 21-інен коронавирус табылған.

Диагнозы расталғандардың барлығы Нұр-Сұлтан мен Көкшетаудағы ауруханаларға жеткізілген.

Соңғы күні тағы үш адамның вирус жұқтырғаны анықталды, олардың арасында орталықтың санитары бар. Ол Көкшетауға жіберілген.

Алдын ала деректер бойынша, ол вирус тасмалдаушы болуы мүмкін, себебі орталық 19 наурыздан бері карантинге жабылған.

Журналист: Сәуле Құсайынова

Айта кетейік, бүгін Ақмола облысында коронавирустан тағы бір адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849700-akmolada-koronavirustan-kz-zmgan-sinsi-naukas-zajly-ty-derekter-pajda-boldy/

pixel