Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 9 науқас тіркелді: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 727-ге жетті

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 727 адамға жетті. Тағы 9 науқас Қызылорда облысында тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 сәуір сағат 22:35-тегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, инфекцияға шалдыққан тағы 9 адам Қызылорда облысында тiркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 43 адам, Атырау облысы - 36 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 23 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 6 адам, Қызылорда облысында - 85 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 727 науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясынан 54 науқас жазылып шықты.

Олардың 29-ы Нұр-Сұлтан, 23-і Алматы қаласында болса, біреуі Ақтөбе облысында тағы бір адам Солтүстік Қазақстан облысында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849781-tagy-9-naukas-tirkeldi-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-727-ge-zetti/

pixel