Күннің ысуы коронавирусты тоқтата ала ма

Опубликовано:

Бүгінде әлемдік деңгейдегі ғалымдар коронавирус пандемияның емін таба алмай әбігерге түсуде. Кейбір шетелдік сарапшылар "жаз мезгіліндегі жоғары температура коронавирусты жояды" деген болжам айтуда. Алайда еліміздегі мамандар бұл тұжырыммен келіспейтіндерін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Белгілі эпидемиолог Сәкен Әміреев ең басты мәселе температура емес екенін айтады.

"Мәселе – сіздің қандай адаммен және қанша қашықтықта байланыс жасағаныңызда. Жаныңыздан жай ғана өтіп бара жатқан адамнан ешқандай қауіп жоқ. Ал 20-25 градустан жоғары температура вирусты жұқтыру қаупін тек бәсеңдетеді", - дейді ол.

Айта кетейік, коронавирус індеті желтоқсан айының ортасында басталған.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта қауіпті инфекция салқын аймақтарда өршіп тұр. Яғни бұл жұқпалы кеселге суықтың жағатынын көрсетеді.

Ал вирустың таралу деңгейі жылы және ылғалды климатта төмен екен. Осыған байланысты ел тұрғындарының көкейінде жаз басталғанда пандемия сап тыйылады деген үлкен үміт бар.

Алайда еліміздегі эпидемиологтар күннің ысуы вирусты түгел жоймайды, алайда азайтуы ықтимал деп отыр.

"Қауіпті індет тіпті жылы елдерді де жайлап отыр. Емі жоқ инфекция өте қауіпті. Бұл жөтелгенде, түшкіргенде, немесе осы дертті жұқтырғандармен байланыста болғанда тыныс жолымен жұғады. Сол үшін дәл қәзіргі сәтте адамдар үйінен шықпай, оқшауланғаны дұрыс", - дейді Қазақстанның жетекші инфекционисі Динагүл Баешева.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус табылғандар саны 727 адамға жетті.

Оның 54-і сауығып шықса, 7 адам қайтыс болды.

Өлім жағдайлары Ақмола, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849801-knni-ysuy-koronavirusty-toktata-ala-ma/