Коронавирус белгілерінсіз ауырған адамдардан өкпенің зақымдалуы анықталды
Опубликовано:
Жапондық ғалымдар COVID-19 инфекциясының белгілерінсіз ауырғандардан өкпенің зақымдалуы анықталғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеушілер өз жұмыстарының нәтижесімен Солтүстік Американың радиологиялық қоғамының сайтында бөліскен.
Ғалымдар ақпан айының басында коронавирус өршіген Diamond Princess круиздік лайнерінің жолаушыларымен жұмыс істеген.
Бортында 4 мыңға жуық жолаушысы бар кеме ұзақ уақыт бойы Йокогама портында болған. Ғалымдардың зерттеу жұмысына кеменің вирус жұқтырған 104 жолаушысы қатысқан.
Олардың 76-ында ауру белгілері жоқ. Алайда арасында 41 адамның өкпесі зақымдалғаны анықталған. Ол зақымдалу "күңгірт шыны эффектісі" деп аталады.
Қортыныдай келе ғалымдар ауру қандай да бір белгілерсіз өткен жағдайда да адамға зиянын келтіреді деген тұжырымға келген.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта әлем бойынша COVID-19 1,5 млн астам адамнан табылған. Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр.
Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус табылғандар саны 727 адамға жетті. Оның 54-і сауығып шықса, 7 адам қайтыс болды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849807-koronavirus-belgilerinsiz-auyrgan-adamdardan-kpeni-zakymdaluy-anyktaldy/