Алматыдағы блок бекетте әкімдік қызметкері ұсталғаны рас па

Опубликовано:

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Алматыдағы блок бекетте әкімдік қызметкері ұсталғаны туралы видео тарады. Бейнеролик авторының сөзінше, кадрлар оңтүстік астанадағы Водник ықшам ауданында жасалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Getty Images

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ер адамда құрықтап жатқан сәтін Instagram желісіндегі топтар мен Telegram арналары жариялап жатыр. Кадрлардан ақ қорғаныш киім киген бірнеше адамның ер азаматты ұстап тұрғаны байқалады. Ал оның қасында қорғаныш киіміндегі тағы бірнеше адам, сондай-ақ, маска тағып, папка ұстаған азамат тұр. Расталмаған ақпараттарға сәйкес, оқиға Алматы блокпосттарының бірінде болған.

Дереккөздердің ақпарынша, шенеуніктер мегаполистен облысқа шыққысы келгендерді блок бекеттен 60 мың теңгеге өткізген.

NUR.KZ аталған мәселе бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қатысты агенттігіне жүгінді. Ведомство кейінірек жауап қатуға уәде берді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда. Қала бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, 8 заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849912-almatydagy-blok-bekette-kimdik-kyzmetkeri-stalgany-ras-pa/