Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар 42 500 теңге алу үшін қайтыс болған жандардың атынан өтініш берген

Опубликовано:

Елімізде 42 500 теңге алуға түскен өтініштерді қарау мерзімі ұзартылмақшы. Бұған өтініштердің қайталануы себеп болыпты. Кейбір азаматтар, тіпті, марқұм болған туыстарының атынан өтініш жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар 42 500 теңге алу үшін қайтыс болған жандардың атынан өтініш берген
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бастапқыда өтініштерді қарау мерзімі 7 жұмыс күні деп белгіленген еді. Кейінірек, әлеуметтік төлемдерді тезірек аудару үшін бұл мерзім үш жұмыс күніне дейін қысқарды.

Алайда, көптеген азамат бір өтінішті бірнеше мәрте жіберіп жатқаны анықталды.

"Мәселен 8 сәуір түнгі 23.00-дегі жағдай бойынша 3,1 миллион өтініштің  1,3 миллионы қайталанған болып шықты", - делінген хабарламада.

Министрлік барлық өтінім түрлі ақпараттық деректер қорында бірнеше параметр бойынша мұқият тексерілетінін атап өтті.

Оның ішінде адамның аты-жөні, ЖСН, банк шотының нөмірі, жұмысына қатысты мағлұматтар және тағы басқалары бар.

"Мәліметтерді тексере келе, 42 500 теңгеге жұмыс істейтін, талапқа сай келмейтін азаматтардың да иек артып, қате банк шоттарын немесе бөгде біреудің, жарамсыз банк шоттарын жолдайтыны анықталды.
Сонымен қатар, марқұм болып кеткен немесе шетелде тұратын адамдардың атынан да өтініш берілгені белгілі болды", -деп мәлімдеді ведомстводан.

Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ешқашан қатыспаған, оған жарна аудармаған азаматтар да өтінім жіберген. Осыған ұқсас деректердің 405 мыңнан астамы айқындалды.

"Азаматтардан 3 жұмыс күнінен соң төлемді тағайындау туралы хабарлама алмаса, алаңдамауды сұраймыз. Әр өтініш бойынша, ақпарат тексерілгеннен кейін, міндетті түрде қабылданған шешім туралы хабарланады", - деп сендірді министрліктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849952-kazakstandyktar-42-500-tege-alu-sin-kajtys-bolgan-zandardy-atynan-tinis-bergen/

pixel