COVID-19-бен ауырып жатқан 6 науқас жансақтау бөлімінен қалыпты бөлімшеге ауыстырылды
Опубликовано:
Қазақстанда COVID-19-бен ауырған алты пациент реанимациядан қалыпты бөлімшеге ауыстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олар Нұр-Сұлтанда - 1 адам, Алматыда - 2 адам, Шымкент қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 2 адам.
Дәрігерлер науқастардың жағдайының жақсарғанын және қарқынды терапия қажет емес екенін атап өтті.
Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, республика аумағында COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны 60 адамға жетті. Вирусты жеңіп шыққан пациенттер Нұр-Сұлтан (30) мен Алматы қаласында (26) және Ақтөбе (1), Жамбыл (1), Павлодар (1), Солтүстік Қазақстан (1) облыстарында тіркелген.
9 сәуір 14:55 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша жалпы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 764-ті құрап отыр.
Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1,5 миллионнан асқан.
Дүние жүзі бойынша ең көп пациент Америка Құрама Штаттарында тіркелген.
Онда 425 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған. Бір ғана Нью-Йорк қаласының өзінде COVID-19-дан 4,5 аса науқас көз жұмған.
Қауіпті індетті жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында Испания тұр. Онда COVID-19 инфекциясы табылғандар саны 148,2 мыңға жеткен. Оның 14,8 мыңы қайтыс болған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849958-covid-19-ben-auyryp-zatkan-6-naukas-zansaktau-bliminen-kalypty-blimsege-auystyryldy/