Біртанов аз үстемеқыға шағымданған алматылық дәрігерлерге жауап берді
Опубликовано:
Отандық денсаулық сақтау министрі өз атына өтініш жазан алматылық дәрігерлерге жауап берді. Өз хатында ақ халаттылар коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істейтінін айтып, азғантай үстемақы алғанын мәлімдеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігерлер ведомство басшысына үндеуін әлеуметтік желіде жариялаған. Ақ халаттылар қауіп-қатердің 1- тобына жататындықтан, жалақыға максималды үстемақы қосылуы керек деп есептейді. Бірақ ақ халаттыларға 3-санатқа арналған минималды сома төленген. Министр жіберілген қателік жайында өз Facebook парақшасында жазды. Министр коронавируспен күресетін абзал жандар жайлы қаулыны түсіндіруде ақпарат дұрыс емес жеткізілгенін хабарлады.
"Инфекциялық стационардағы барлық дәрігерлер, медбикелер мен кіші медқызметкерлер жалақыға тиісті үстемақымен 1- санатқа жатады. Ертең басқарма мен клиника басшылығы жіберілген қателікті түзетіп, қосымша ақша төлеуін сұраймын",- деп жазды ол.
Сонымен қатар, министр келтірілген қолайсыздық үшін әріптестерінен кешірім сұрады. Оңтүстік астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерді дүрбелеңге түспеуге шақырды.
"Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем эпидемиологиялық тергеудн кейін беріледі. Бұл санатқа 2 млн теңге көлеміндегі ақша Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығымен төленеді. Айта кетейік, төлемдер тек бүгін жүргізіліп бастады, сондықтан олар қызметкерлердің жалақысына қосылған жоқ. Медицина қызметкерлерінен дүрбелеңге түспеуді сұраймыз, барлығы заңға сәйкес төленетін болады", -деді ведомствода.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850004-birtanov-az-stemekyga-sagymdangan-almatylyk-drigerlerge-zauap-berdi/