АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 450 мыңнан асып кетті
Опубликовано:
Америка Құрама Штаттары коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы болып қала береді. CОVID-19 инфекциясын жұқтырған америкалықтар саны қазірдің өзінде 450 мың адамнан асып түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Онлайн режимінде аурудың таралу статистикасы жүргізіп отырған Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, Штаттарда коронавирустық инфекцияны 462 мыңнан астам адам жұқтырды.
Ауырғандардың ең көп саны Нью-Йоркте. Айта кету керек, бір ғана Нью-Йорк қаласы жұқтырғандар саны бойынша Испаниядан озып кетті.
АҚШ-та коронавирустың таралуынан 16 мыңға жуық адам қайтыс болды. Ауруды 25 410 америкалықтар жеңе алды.
Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша жұқтырғандардың жалпы саны 1,6 млн адамға жақындап келеді. Өлім-жітім саны 95,5 мыңға жетті.
Қауіпті ауруды жеңе алғандардың саны өсуде. Бүгінгі таңда коронавирусты 354 мың адам жеңген, олардың басым бөлігі Қытай тұрғындары.
Естеріңізге сала кетейік, кеше АҚШ-та COVID-19-дан рекордтық өлім көрсеткіші тіркелді.
Айта кету керек, елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 21 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 802-ге жетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850017-aks-ta-koronavirus-zktyrgandar-sany-450-mynan-asyp-ketti/