Шымкентте көшенің ортасында ер адамға өгіз шабуылдады (видео)

Опубликовано:

Шымкенттегі мал базары маңында бұқа ер адамға шабуыл жасады. Белгілі болғандай жануардың мойын шылбыры үзіліп кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте өгіз ер адамға шабуылдады (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Polisia.kz мәліметінше, бұқа көлік жүргізушісіне қарай жүгіріп, оған шабуыл жасады.

Белгілі болғандай, 42 жастағы қожайыны жануарды сол оқиға болған базардан сатып алғаннан кейін айдап бара жатқан.

Бұқаның иесімен түсіндіру шарасы жүргізілген, сонымен қатар ауылшаруашылық малын жаю ережесін бұзғаны туралы әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары шабуыл кезінде түсірілген видеоны жариялады. Кадрдан жануардың жол бөлігінде көлікті жөндеумен айналысып тұрған ер адамдарға қалай шабуыл жасағанын көруге болады.

Олардың бірі бұқадан жасырынып үлгере алмаған. Сол кезде жануар оған тап береді.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 21 дерегі расталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 802-ге жетті.

COVID-19 инфекциясынан 9 қайғылы жағдай тіркелді, қатерлі дертті 60 адам жеңіп шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирустан бір науқастың қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850061-symkentte-kseni-ortasynda-er-adamga-giz-sabuyldady-video/