Ақтауда КамАЗ бен пойыз соқтығысып қалды (фото, видео)
Опубликовано:

Бүгін таңертең Ақтаудағы темір жол өткелінде пойыз бен КамАЗ соқтығысып қалды. Бастапқыда оқиға жайлы куәгерлер хабарлады, артынша өңірлік полиция да пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Куәгерлер жүк көлігі мен пойыздың соқтығысқан сәтін видеоға түсіріп алған. Олар кадрларды Lada.kz басылымына жолдаған. Өңір полициясында жол апаты таңғы 9-да болғанын растады. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын- ала ақпарат бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі пойыз жақындап келе жатқанын байқамаған. Салдарынан соқтығысу орын алған. Қазір оған қатысты көлік құралына және басқа мүлікке зиян келтірген жол-қозғалыс ережесін бұзу бабы бойынша әкімшілік материал дайындалуда.
Іс сотқа жолданады. Онда ер азаматқа қатысты шешім қабылданады.
Айта кетейік, 7 наурызда Батыс Қазақстан облысының Сайқын кентінде №10518 Саратов – Астрахан бағытындағы жүк пойызының бес вагоны рельстен шығып кетті.
Төтенше жағдай түнгі 23:00 шамасында болды деп жазды "Мой город" басылымы. Белгілі болғандай, аударылған пойыз вагондарына астық тиелген.
Ал 23 қаңтарда Қарағанды облысының Қарабас стансасында Нұр-Сұлтаннан Жезқазған қаласына бағыт алған пойыздың төрт вагоны рельстен шығып кеткен болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850080-aktauda-kamaz-ben-pojyz-soktygysyp-kaldy-foto-video/