Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жас фельдшер ауруханада көз жұмған науқастан вирус жұқтырып алған

Опубликовано:

Павлодарда 24 жастағы жігіт COVID-19 вирусын бір күн бұрын ауруханада қайтыс болған зейнеткерден жұқтырған. Фельдшер қарт кісіге жедел жәрдем бригадасымен барғанв анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодарда жас фельдшер коронавирус жұқтырды
Фото: pixabay.com: UGC

Ауру жұқтыру фактілері жайлы тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау аймақтық департаментінде хабарлады. Жас жігіттің Павлодарда фельдшер болып жұмыс істегені анықталды.

Денсаулығы күмән тудырған соң, ол бірден жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, жас жігіттің дене қызуы бірқалыпты, қазіргі ахуалы қанағаттанарлық.

Осы арада фельдшер тағы 88 адаммен жақын байланыста болғаны анықталып, барлығы оқшауланды.

Сонымен қатар, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус жұқтырған 17 науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетсек, еліміздің оңтүстік астанасында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқас қайтыс болды. Бұл 10 сәуір күні тіркелген екінші өлім жағдайы.

Одан өзге, вирус жұқтырған тағы 6 науқас туралы деректер анықталғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850172-pavlodarda-zas-feldser-auruhanada-kz-zmgan-naukastan-virus-zktyryp-algan/

pixel