Еліміздегі ірі медициналық компанияның бас директоры коронавирус індетінен көз жұмды

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" компаниясының бас директоры Зиятхан Гасанов қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Зиятхан Гасанов. Фото: facebook.com/groups/pharm.review
Зиятхан Гасанов. Фото: facebook.com/groups/pharm.review: Depositphotos

Қайғылы хабарды мемлекеттік комиссияның жедел штабы жариялады.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ұжымы Зиятхан Ахмедұлы Гасановтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

"Ол алғашқылардың бірі болып, қазақстандықтар мен медицина қызметкерлеріне коронавируспен күресуге көмектесті. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің құрбаны болды

Зиятхан Ахмедұлы өз ісінің шебері болды, ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосты. Одан бөлек, өзінің сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жалпыға бірдей төнген қауіпке бей-жай қарамай, елімізге COVID-19 вирусымен күресте өлшеусіз көмегін тигізді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін берді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше елімізде осы қауіпті індет салдарынан екі өлім жағдайы тіркелді. Марқұм болған екі науқас та Алматы қаласында емделгені анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850183-elimizdegi-iri-medicinalyk-kompaniany-bas-direktory-koronavirus-indetinen-kz-zmdy/