Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразиялық банк 42 500 теңге төлеміне арналған шоттар мен карталарды қашықтан ашуды қолға алды

Опубликовано:

Мемлекет көмегін алу үшін банк шотының нөмірі, яғни IBAN қажет. Ал 42 500 теңгеге тең төлемді алуға үмітті қазақстандықтардың жартысына жуығының банкте шоты болмай шықты.

Еуразиялық банк 42 500 теңге төлеміне арналған шоттар мен карталарды қашықтан ашуды қолға алды

Сол себептен де карантин шарттарын бұзып, банк ғимараттарының алдына жиналған жұрттың қарасы аз болмады.

Бұл тұста, Еуразиялық банк көптеген жанның проблемасын тез әрі тиімді шешіп, шот пен картаны қашықтан тегін түрде ашып қана қоймай, оны тегіннен тегін жеткізіп беретін банктің бірі болып отыр.

"Кезек күтіп, банк табалдырығын тоздыру денсаулыққа зиян. Сондықтан біздің мамандар өз клиенттерімізге ыңғайлы қызмет түрі – қашықтан карта ашуды ұсынуда. Бұдан бөлек аталған қызмет клиенттерге әлеуметтік төлемді рәсімдеуге қажетті IBAN-ды банк операторы өтінішті қарап жатқан сәтте-ақ алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл үшін үйден шығудың қажеті жоқ. Картаны курьерлік қызмет тегін түрде жеткізіп береді. Ал IBAN нөмері СМС арқылы келеді", — дейді карталық бизнес және төлем қызметтері басқармасы басшысының орынбасары Асель Чегимбаева.

ЖСН, телефон нөмірі мен банк сайтындағы қала атауын енгізгеннен кейін клиентке менеджер хабарласып, өзге де деректер мен жеткізу мекен-жайын нақтылайды.

Аталған рәсім елдің 16 қаласында, оның ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында қолжетімді. Бұған дейін Еуразиялық банк картасын қолданып келген қазақстандықтар IBAN нөмірді өз бетінше Smartbank қосымшасы арқылы ала алады.

«Аударымдар» бөлімінде карта немесе шот атауының астында KZ деп басталатын 20 сандық нөмір бар. Сонымен бірге, 42 500 теңгеге тең әлеуметтік төлемді алуға қажетті Бірыңғай жиынтық төлемді де (БЖТ) Smartbank арқылы төлеуге болады.

Өкінішке қарай, мемлекет әлеуметтік төлемдерді PayDA секілді несие және бөліп төлеу карталарына аудара алмайды. Мұндай жағдайда кәдімгі қарапайым төлем картасын тегін ашуға тура келеді.

Карантин аяқталған соң Еуразиялық банктің Visa Gold, Visa Infinite және Mastercard World Black Edition сынды төлем карталары арқылы кепілдендірілген бонустар алуға мүмкіндік беріледі. Бонустарды кез келген тауар мен көрсетілген қызмет үшін төленген төлемнің ең көп дегенде 7% - на дейін алуға болады. Өзіңізге абай болыңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850200-eurazialyk-bank-42-500-tege-tlemine-arnalgan-sottar-men-kartalardy-kasyktan-asudy-kolga-aldy/

pixel