Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан қайтыс болған адам бөлек зиратқа жерлене ме

Опубликовано:

Коронавирустан қайтыс болған адамдар кез келген зиратта жерлене береді. Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас сарапшысы Жанат Жамалбекова айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Жамалбекованың сөзінше, адамның коронавирустан қайтыс болғаны зертханалық зерттеулер арқылы анықталған болса, онда мүрде туыстарына жерлеуге берілмейді. Сондай-ақ, патологиялық-анатомиялық сою жұмыстары жүргізілмейді.

"Мүрдеханадан тікелей зират басына апарып жерлеуге береміз. Осындай талап бар. Бұл ретте мүрдені жерлеу үшін басқа зират қажет емес. Қазіргі қала ішіндегі немесе ауыл шетіндегі зираттарға жерлей беруге болады", - дейді ол.

Дегенмен жерлеу рәсімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, биологиялық қауіпсіздік мәселелері сақталуы тиіс.

"Жаназаға тек жақын туған-туыстарының болғаны дұрыс. Олар жаназа кезінде 1-2 метр ара қашықтық сақтап, медициналық маска таққандары жөн. Мәйітті де тек мүрдеханада ғана жуындыру керек. Жерлеу рәсіміне қатысатын адамдар вирустан қорғайтын қорғаныс құралдарын қолдануы қажет", - дейді Жанат Жамалбекова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова оңтүстік астанада коронавирустан көз жұмғандарды жерлеуге арналған аумақтың анықталғанын айтқан еді.

Сонымен қатар еліміздің мұсылмандар діни басқармасы коронавирустан қайтыс болған мұсылман шариғат бойынша қалай жерленетінін хабардар еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850223-koronavirustan-kajtys-bolgan-adam-blek-ziratka-zerlene-me/

pixel