6 жағдай тіркелді: Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 865-ке жетті

Опубликовано:

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам анықталды. Осылайша, Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандардың саны 865-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"11 сәуір 23:00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді, Алматы облысында - 1 адам, Батыс Қазақстан облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам", - делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 231 адам,

Алматы қаласында – 137 адам,

Қарағанды облысында - 63 адам,

Ақмола облысында - 61 адам,

Атырау облысында - 59 адам,

Жамбыл облысында - 46 адам,

Шымкент қаласында - 35 адам,

Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам,

Алматы облысында - 11 адам,

Ақтөбе облысында - 11 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,

Павлодар облысында - 9 адам,

Маңғыстау облысында - 9 адам,

Қызылорда облысында - 116 адам,

Батыс Қазақстан облысында - 7 адам,

Түркістан облысында - 36 адам,

Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 865 науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты 15 сәуірге дейін жарияланған Төтенше жағдай 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысының сөзінше, коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Сондықтан індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды.

Президент осы себепке байланысты елдегі төтенше жағдай мен карантин режимін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырғанын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850252-6-zagdaj-tirkeldi-elimizde-koronavirus-indetin-zktyrgandardy-sany-865-ke-zetti/