Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ашу үстінде лифт батырмасына түкірген": Алматыда бұзақыны жазалады

Опубликовано:

Желіде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адамның лифт батырмаларына түкіріп жатқан видеосы тарап кетті. Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы бұзақыны тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: "Полиция.кz - Ақпараттық медиа-портал" Youtube-каналындағы видеодан кадр.
Фото: "Полиция.кz - Ақпараттық медиа-портал" Youtube-каналындағы видеодан кадр.: UGC

Белгісіз ер азаматтың теріс әрекеттері "Алатау сити" тұрғын үй кешеніндегі подъездердің бірінде лифтте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Оның жеке басы бірден анықталды. Полицияға жеткізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді”, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Қатесін кейін түсінген азамат өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұрады.

“Ашулы күйде жедел саты батырмаларына қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын”, – деді А. есімді тұрғын.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда сарбаздар граната ұстаған ер адамды ұстаған болатын. Бұзақыны ұстау операциясы оңтүстік астананың Төле би мен Саин көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850261-asu-stinde-lift-tjmesine-tkirgen-almatyda-bzakyny-zazalady/

pixel