Қазақстанда тағы 15 адам коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

Қазақстанда тағы 15 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. 12 сәуір күні таңертен шыққан статистикалық мәліметтерді KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қауіпті вирусты жұқтырудың жаңа деректері еліміздің бес өңірінде және Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында анықталған.

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 880 адамға жетті.

Бүгінгі күні елордада індетті жұқтырған 233 науқас тіркелсе, оңтүстік астанада аталмыш диагноз әзірге 145 адамда расталды. COVID-19 инфекциясын жұқтырудан үшінші болып Қызылорда облысы келе жатыр. Бұл өңірде ресми түрде коронавирус жұқтырудың 116 оқиғасы анықталды.

Республика аумағында қауіпті вирус тарай бастаған уақыттан бері оны 81 қазақстандық жеңіп шыға алды. Коронавирус салдарынан 10 отандасымыз көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік астанада ауыр халде болған екі науқастың жағдайы жақсара бастағаны белгілі болды. Бұл туралы Алматының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тлеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Санитар жансақтау бөлімінде жатқан адамдардың емі жақсы нәтиже көрсеткендіктен олар жай палатаға ауыстырылғанын жеткізді. Науқастардың демікпесі мен әлсіздігі азая түскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850266-kazakstanda-tagy-15-adam-koronavirus-zktyryp-aldy/