Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Орталық аурухана бөлімі карантинге жабылды

Опубликовано:

Алматыдағы Орталық ауруханада қабылдау бөлімі мен бөлімшелердің біреуін карантинге жауып тастады. Бұған дейін бұл жерде коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері жұмыс істегені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Depositphotos

Бұл туралы Алматының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның хабарламасында ОКҚА-да бір бөлім мен қабылдау бөлмесі карантинге жабылғаны хабарланған. Қазіргі таңда ол жерде дезинфекторлар жұмыс істеп жатыр.

Коронавирус жұқтырған ақ халаттылармен байланыста болған барлық қызметкерлер мен науқастар карантинге жіберілді. Қауіпті инфекцияға шалдыққандармен байланысқан өзге науқастарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Анықталғандай, байланыста болған адамдар карантинде екі апта жатады. Бұл аралықта оларды коронавирус инфекциясына тексеріп, тиісті сынама алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирус жұқтырған 14 адамның 12-сі медицина қызметкерлері болып шыққан. Вирус жұқтырып алған 12 ақ халаттының екеуі дәрігер, 10-ы медбике.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850275-almatyda-ortalyk-auruhana-blimi-karantinge-zabyldy/

pixel