Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ тарихында алғаш рет барлық штаттарда "ірі апат" режимі жарияланды

Опубликовано:

Америка құрама штаттарының президенті Дональд Трамп барлық 50 штатта бірдей "ірі апат" режимін енгізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дональд Трамп. Фото: Getty Images/Alex Wong / Staff
Дональд Трамп. Фото: Getty Images/Alex Wong / Staff: Depositphotos

Аталмыш жағдай енгізілмеген жалғыз штат - Вайоминг штаты болған. 11 сәуір күні америкалық көшбасшы "ірі апат" режимін ол жерге де енгізді. Мемлекет тарихында алғаш рет мұндай төтенше жағдай Америка құрама штаттарының аумағын толығымен қамтып отыр деп хабарлайды Fox News.

Вайоминг штатының губернаторы Марк Гордон мемлекет басшысына "ірі апат" режимін енгізу жөнінде өтініш білдірген. Саясаткер өз өтінішін тоғызыншы сәуір күні айтқан болатын. Трамп штат басшысының үндеуін қабылдап, тиісті режимді орнатты.

Әлемдегі коронавирусқа байланысты жағдай онлайн-режимде жаңартылып отыратын BNO News ақпаратынша, АҚШ-та індетті жұқтырғандардың саны 533 мың адамнан асып кетті. COVID-19 вирусынан бұл елде 20,5 мың азамат қаза болған. Бұл көрсеткіш бойынша құрама штаттар Италиядан асып түсті.

Америкада қауіпті дертті шамамен 30 мыңға жуық адам жеңіп шықты.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырудың 1.78 млн оқиғасы тіркелді. Қауіпті індет ғаламшарымыздағы 109 мың адамның өмірін қыршынынан қиды. Вирусты еңсергендер саны 407,6 мың адамға жетті. Олардың ішінде 81 Қазақстан азаматы бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850295-aks-tarihynda-algas-ret-barlyk-stattarda-iri-apat-rezimi-zarialandy/

pixel