COVID-19: Польшадан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді (фото)

Опубликовано:

Елімізге Польша елінен гуманитарлық көмек келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі: UGC

Бүгін Польшадан чартерлік рейсімен елімізге "Wipasz" поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскаларын (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлерін (ноутбуктерін) қамтыған гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді.

COVID-19: Польшадан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді (фото)
Фото: Сыртқы істер министрлігі: Instagram

2020 жылғы 17 наурыз-12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келіп түскен.

COVID-19: Польшадан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді (фото)
Фото: Сыртқы істер министрлігі: Twitter

Айта кетейік, жақында қытайлық миллиардер Джек Маның қоры Қазақстанға шамамен 4,5 тоннаны құрайтын гуманитарлық көмек жіберді.

Гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ қол тигізбей-ақ өлшейтін термометрлер бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге коронавирус пандемиясы кезінде көмек қолын созған филантроп Джек Маға өз алғысын білдірді. Президент әйгілі кәсіпкерге өз ризашылығын Twitter желісіндегі ресми парақшасында жариялаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850375-covid-19-polsadan-kazakstanga-gumanitarlyk-kmek-keldi-foto/