Коронавирустан қорғануға арналған жабдықтардың жоқтығын айтқан дәрігер кешірім сұрады

Опубликовано:

Twitter желісінде елдің денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді жазған қырғызстандық дәрігер кешірім сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 24.kg-ға сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com және Twitter парақшасынан скриншот
Фото: pixabay.com және Twitter парақшасынан скриншот: Instagram

Айта кетейік, Бектұр Апышев Twitter желісінде @Bektur1130 аккаунтымен микроблог жүргізген.

Ол жазбасында медицина қызметкерлеріне қажетті жеке қорғаныс жабдықтарының берілмейтінін жазған.

10 сәуір күні Бектұр Twitter-дегі бетперде жайлы жазбасы үшін аурухана басшылығы шақырғанын жазып, кейін желдегі аккаунтын өшіріп тастаған.

Ал кеше, 12 сәуірде оның кешірім сұраған видеосы ғаламтор бетінде пайда болған.

Видеода Бектұр "сапасыз маскалар туралы жалған ақпарат жариялағанын" айтқан.

"Шын мәнінде, клиникада жеке қорғаныс құралдары мен маскалар жиынтығы бар. Жалған ақпарат бергенім үшін кешірім сұраймын", - деді ол.

Дегенмен әлеуметтік желілерде Бектұр Апышевты және қазір ауруханаларда болып жатқан жағдайлар туралы шындықты айтуға қорқатын өзге де дәрігерлерді қорғауға арналған флешмоб ұйымдастыруға шақыруда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жамбылдық инфекционист Толқынай Ордабаева әлеуметтік желіде өзі қызмет ететін ауруханада медицина қызметкерлерін маска тігуге мәжбүрлегенін, жұмыста ешқандай маска мен қорғаныш құралдары берілмейтінін, бұның барлығы иммунитеттің әлсіреуіне алып келгенін айтып, шағымданған болатын.

Ордабаеваның шағымынан кейін, ауруханада тексеріс басталып, оның қортындысына сәйкес басшылықтағы адамдар қызметінен босатылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850397-koronavirustan-korganuga-arnalgan-kraldardy-zoktygyn-ajtkan-kyrgyzstandyk-driger-kesirim-srady/