Коронавирус: Қайтыс болған 12-ші науқасқа қатысты деректер пайда болды
Опубликовано:
Бүгін, 13 сәуірде Қазақстанда коронавирустан екі науқас қайтыс болды. Алдымен Шығыс Қазақстан облысында 41 жастағы әйел адам, содан кейін Ақмола облысында бір науқас көз жұмды. Екінші оқиғаның мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, өңірде коронавирустың құрбаны болған төртінші науқас – 1936 жылы туған ер адам. Ол әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының емделушісі.
Науқас 5 сәуірден бері Кокшетаудағы уақытша стационарда карантинде жатқан. 9 сәуірде ол Ақмола облыстық туберкулезға қарсы диспансерге ауыстырылды.
Ер адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды, ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Диагнозы – аса ауыр деңгейдегі екіжақты пневмания.
Бұдан бөлек, оның ілеспе аурулары болған: артериялық гипертензия, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүректің ишемиялық ауруы.
Өкінішке орай, дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қала алмады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққан науқастардың саны 110-ға жетті. 13 сәуір күні дерттен емделіп шыққан 11 адамның алтауы Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі Атырау облысында, екеуі Қызылорда және Маңғыстау облысында тіркелді. Елордадағы аурудан жазылғандардың бірі 82 жастағы әйел болып шықты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850482-koronavirus-kajtys-bolgan-12-si-naukaska-katysty-derekter-pajda-boldy/