Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл мектеп оқушылары жазғы демалысқа қашан шығады

Опубликовано:

Қазақстандағы мектеп оқушыларының жазғы демалыс мерзімі өзгерген жоқ. Олар әдеттегідей 25 мамыр күні жазғы демалысқа шығады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 4-8 мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау, ал 18-22 мамыр аралығында тоқсандық жиынтық бағалау болады.

Ал 25 мамыр күні барлық оқушылар жазғы демалысқа шығады.

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай режиміне сәйкес, оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатқанын еске сала кетейік.

Соңғы тоқсанда оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды бір реттен ғана тапсырады.

Қорытынды аттестациялық емтихан өткізілмейді. Аттестатқа жылдың қорытынды бағалары қойылады.

Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеудің мерзімі де өзгерген жоқ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 20 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бірқатар кәсіпорын жұмысын бастайды.

І кезең аясында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биыл 15 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жұмысын қалпына келтіретін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің нақты тізімін бекітеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850535-biyl-mektep-okusylary-zazgy-demalyska-kasan-sygady/

pixel