Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының неше ауданында коронавирус жағдайы тіркелді

Опубликовано:

Түркістан облысының әкімдігі соңғы мәліметтер бойынша өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 40-тан асқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ведомсво мәліметінше, өңірде Жетісай ауданында – , Кентауда - 5, Ордабасы- 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 адам қауіпті дертті жұқтырған.

Облыста соңғы тіркелген науқастың бірі Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны екендігі айтылды. Ол 4 сәуір күні көз жұмған 1956 жылғы Жетісай ауданының азаматымен жақын байланыста болған.

"Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде", - делінген облыс әкімі таратқан хабарламада.

Cоңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің комитеті еліміздің ғылыми орталықтарының коронавирус жұқтырудың ең жоғары деңгейіне қатысты болжамын жариялады. Қазақстанда аурудың ең көп мөлшері сәуір немесе мамыр айларында болады деп күтілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850606-trkistan-oblysyny-nese-audanynda-koronavirus-zagdajy-tirkeldi/

pixel