42 500 теңгеге мұқтаж емес жандар ақшаны қалай қайтарып бере алады

Опубликовано:

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде азаматтарға берілетін 42 500 теңгені төлеу процесі жалғасуда. Олардың кейбіреулері үшін бұл ақшаны мемлекет өзі есептеп, тағайындады. Алайда белгілі болғандай бәрі бірдей әлеуметтік көмекке мұқтаж болмай шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42 500 теңгеге мұқтаж емес жандар ақшаны қалай қайтарып бере алады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Редакциямызға Қазақстан тұрғындарының бірі хабарласты. Ер адам тағайындалған 42 500 теңгеден қалай бас тартуға болатынын сұрады.

"42 500 теңгені тағайындау туралы SMS келді, бірақ мен жұмыс істеймін. Мен көрсетілген телефондардың бәріне қоңырау шалдым, олар бұл мәселенің шешімін білмейтіндерін айтады", - деді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ порталына бұған дейін 42 500 тағайындалып қойған адам бұл қаражатқа мұқтаж болмаса, онда Egov.kz сайтында "Электрондық өтініштер" айдарына кіріп, өтінімнен бас тартуға болатын еді дегенді алға тартты.

Дегенмен қаражатты мемлекет қазынасына қайтару процедурасын жеңілдету үшін Еңбек министрлігі жаңа жеңілдетілген алгоритм жасаған.

Департамент өкілі Александр Кононец енді "электрондық үкіметтің" веб-сайтында өтініш жазудың қажеті жоқ екенін айтады.

"Ақшаны "азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының есеп-шотына қайтару қажет. Бенефициар БӘК-і: GCVPKZ2A. ТСК Бенефициары: KZ67009SS00368609110. КСН Бенефициары: 160440007161. ББК Бенефициары: 11. КНИ: 049", - деді ол.

Осылайша, Egov.kz немесе Enbek.kz-ке кірмей-ақ, үйден шықпай-ақ, мобильді банкинг арқылы шотқа түскен ақшаны мемлекетке қайтаруға болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850735-42-500-tegege-mktaz-emes-zandar-aksany-kalaj-kajtaryp-bere-alady/