Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қисық қолдар": Еңбек вице-министрі 42 500 теңгеге қатысты наразылықтарға жауап берді

Жарияланған күні:

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев қазақстандықтардың 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемге қатысты жиі қоятын сұрақтарына жауап берді. Ол ТЖ режимі мен карантин талаптары салдарынан табысынан айырылған азаматтарға даулы оқиғалардың туындау себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Мұқышев халықтың наразылығы мен жасаған ескертулеріне өзінің Facebook парақшасында жауап берді. Вице-министр негізгі бес мәселені көтерген.

1. Бастапқыда өтініштерді қабылдауда орын алған қиындықтар жайлы мәселе.

"Кейбіреулер біздің қолымыз қисық, біз нашар ақпараттық технологтармыз деп сынап жатты. Сонымен қатар, біздің дайын болмағанымызды айтқан болатын. Шынында да, ТЖ және коронавирус біз үшін сынақ болды. Іс жүзінде АТ-үрдісі іске қосылғаннан кейін, бір апта ішінде ол жаңартылып жақсартылды. Бүгінгі күні біз осы 5 млн өтінішті қабылдауды қамтамасыз ете алдық" , - деді министр. ⠀ 2. Төлем тағайындау ережелерінің қайта-қайта өзгере беру мәселесі.

"Ережелер бірнеше рет өзгерді деген пікірлер бар. Бұл да дұрыс. Бірақ, екінші жағынан, ережелердің әрбір жаңа нұсқасы жақсара түсті. Біз барлық туындаған қиындықтар мен азаматтардың тілектеріне жедел түрде ден қойдық. Алушылар тізімі кеңейтілді. Бірақ біз де адам болған соң, қателесеміз. Дегенмен, бұл ережелер бір рет қабылданғанып, өзгеріссіз қалғаннан гөрі жақсы. Әрі қарай ережелер өзгереді. Бірақ олар үрдістің тиімділігін жақсарту, оңайлату және арттыру мақсатында ғана өзгеретін болады" , - деп мәлімдеді Мұқышев. ⠀ 3. Кейбір адамдардың бүгінгі күнге дейін өтініштеріне жауап алмағандығы мен кейбіреулердің тез арада төлемді алғандығы жөніндегі мәселе.

"Бізде өтініштер 2 сәуірге дейін "Электрондық өтініштер" арқылы қабылданды. Онда жұмыскерлер тізімін бекіту керек еді. Өкінішке орай, бұл тізімдерді қарау барысында қызметкерлердің ЖСН жоқ екендігі анықталды. Кейде IBAN орнына телефон нөмірі көрсетілген немесе нөмір мүлдем жоқ. Мұндай өтінімдер бойынша олар тек бас тарта алады. Кейбір әкімдіктер өтініш берушілерге қоңырау шалып, толтыруға көмектеседі. Бірақ барлық жұмыс берушілер жедел жауап бермейді. Мұнда күрделі жағдайлар туындайды. Сондықтан да, егер сіз өтінішті наурыз айының соңында берген болсаңыз және жауап жоқ болса, қайта өтініш беруіңізді өтінеміз.

4. Өтінішті мақұлдау немесе бас тарту жөнінде көптеген СМС-терге қатысты мәселе.

"Иә, бұндай жағдайлар туындайды. Неліктен екендігін түсіндірейін. Біз барлық базаға талдау жасадық. Бүгінгі таңда шын мәнінде, бірнеше ЖСН-ға өтініш берілген телефондар бар. Мысалы, жұмыс беруші өтінімді толтырған кезде өзінің бірнеше қызметкерлеріне барлық жерде өзінің телефон нөмірін көрсетеді. Ал кейбір қызметкерлердің өтінімдері мақұлданып, ал кейбіреулеріне бас тартылуы әбден мүмкін.
Сол жағдайда жұмыс берушінің телефон нөміріне қатарымен бірнеше СМС келіп түседі. Кейбіреулері мақұлдау туралы, басқалары бас тарту туралы. Біз смс мәтініне бүгін кімге нақты сәйкестендіру қажет тұлғаларға ЖСН-ді қостық. Осының бәрін түсіну үшін біз үнемі талдау жүргіземіз. Және, әрине, шешіммен бір ғана SMS келеді.

5. Қаражатты қайтару мәселесі.

Министр қаражатты қайтаруға тиіс немесе оны өз еркімен қайтарғысы келетіндерге тиісті деректемелерді қалдырды.

Бенефициар: "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ" "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ" Бенефициардың БСК: GCVPKZ2A Бенефециардың ЖСК: KZ67009SS00368609110 Бенефициардың БСН: 160440007161 Бенефициардың КБЕ: 11 СТК: 049

Жазба соңында цифрландыруға жауапты вице-министр жәрдемақы алу үшін берілген өтінімдердің жүйеде ұзақ қаралғаны үшін кешірім сұрады. Ол сервисті жақсарту жұмыстары әлі де жүріп жатқанын алға тартты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850767-kisyk-koldar-ebek-vice-ministri-42-500-tegege-katysty-narazylyktarga-zauap-berdi/