Ақмола облысында ер адамның асқазынан 112 бұрандалы шеге шықты (фото)
Опубликовано:
Ақмола облысында дәрігерлер ер адамның ішінен 112 бұрандалы шеге алып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Күрделі отаны облыстық аурухананың үш хирург маманы жасаған. Бұрандалардың жалпы салмағы сегіз жүз грамнан асады.
Басылымның мәліметінше, науқас оларды әдейі жұтқан. Белгілі болғандай ер адам облыстағы колониялардың бірінде жазасын өтеп жатыр.
Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Ол ауруханадан шығарылып, қалған мерзімін одан әрі өтеуге жіберілген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін шымкенттік дәрігерлер шеге жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалған еді.
Белгілі болғандай бүлдіршіннің ата-анасы пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Перзентінің белгісіз қатты затты аузына салып, жұтып қойғанын көрген анасы бірден жедел жәрдем қызметін шақырған.
Дәрігерлер баланың асқазанында тұрып қалған 4 см шегені эндоскопиялық жолмен яғни сәбидің денесін тілмей-ақ алып шыққан.
Айта кету керек, өткен жылы Шымкентте осыған ұқсас тағы бір жағдай орын алған еді. Ол кезде төрт айлық нәресте шеге жұтқан еді.
Ол кезде сәбидің асқазан-ішек жолындағы бөгде затты мамандар кездейсоқ анықтаған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850794-akmola-oblysynda-er-adam-askazynan-112-brandaly-sege-sykty-foto/