Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1267-ге жетті
Опубликовано:
Оңтүстік астанада COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар саны 1267-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 сәуірдің 10:00-дегі эпидемиологиялық жағдай:
Нұр-Сұлтан қаласы – 291
Алматы қаласы – 370
Шымкент қаласы – 40
Ақмола облысы – 79
Ақтөбе облысы – 12
Алматы облысы – 24
Атырау облысы – 70
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 49
Батыс Қазақстан облысы – 18
Қарағанды облысы – 80
Қостанай облысы – 5
Қызылорда облысы – 124
Маңғыстау облысы – 11
Павлодар облысы – 11
Солтүстік Қазақстан облысы – 26
Түркістан облысы – 49, барлығы 1267 адам тіркеліп отыр.
Олардың 203-і COVID-19 инфекциясынан жазылып шықса, 14-і қайтыс болды.
Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар бойынша АҚШ көш бастап тұр.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 25 мыңнан асқан.
Вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып отыр. Онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850818-1267-almatyda-koronavirus-zktyrgan-tagy-6-adam-tirikeldi/