Алматыда орталық аурухананың 182 қызметкерінде коронавирус расталды
Опубликовано:
Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында тағы 35 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

12-ауруханада жұмыс істейтін вирус жұқтырған дәрігерлердің жалпы саны 182 адамды құрайды. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында хабарланды.
Бір күн бұрын, 14 сәуірде, Орталық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 147 адамға көбейгені белгілі болды. Осыдан кейін аурухананың бас дәрігері Алмас Жұмашев жұмыстан босатылды.
Ол аурухана қызметкерлеріне қысым жасалмасы үшін өз еркімен кеткенін мәлімдеді. 12-аурухананың бас дәрігерінің міндеті Марат Абдуллаевқа жүктелді.
Қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасимова алғашқы жұқтырылған медицина қызметкерлерінің коронавирус белгілері бола тұра жұмысқа баруды жалғастырғанын және дене қызуы түсіретін дәрі-дәрмектерді ішкенін хабарлады.
Оның айтуынша, инфекция көзі анықталды. Бұл наурыз айының соңында МРТ-ден өткен науқас болып шыққан. Ол бөлім дәрігерімен және медбикемен байланысқан.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1275-ке жетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850876-almatyda-ortalyk-auruhanany-182-kyzmetkerinde-koronavirus-rastaldy/