"Асыл Арман" тұрғын үй кешенінен карантин режимі алынып тасталды

Опубликовано:

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде карантин алынып тасталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Асыл Арман" тұрғын үй кешені карантиннен босатылды
Көрнекі фото: kaz.nur.kz: UGC
"Бүгінгі күні қайта талдау жүргізілгеннен кейін тұрғын үй кешенінің 1995 жылғы тұрғыны ауруханадан шығарылған, 1957 жылғы тұрғыны ем алуда. Барлығы 23 байланыста болған адам анықталды, олардың вирусологиялық талдауы теріс нәтиже көрсетті", - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

28 наурызда «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің бір подъезіне карантин енгізілді. Ол жерде коронавирусы бар бойжеткен тұрған. 1 сәуірде тағы бір әйелге инфекция диагнозы қойылды. 2 сәуірде тұрғын үй кешені карантинге жабылды.

Осы уақыт бойы тұрғын үй кешенінің барлық аумағында медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшыларымен бірге әскери-еріктілер қызмет атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан 15-адам қайтыс болды.

Сoronavirus2020-тің мәлімпетінше, марқұм 1945 жылы дүниеге келген. Елде коронвирус анықталған адам саны 1267-ге жеткен. Олардың 203-і COVID-19 инфекциясынан жазылып шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850884-asyl-arman-trgyn-j-keseninen-karantin-rezimi-alynyp-tastaldy/