Коронавирус: Өзбекстан арнайы ауруханалар салуға 40 млн доллар бөлді
Опубликовано:
Өзбекстан үкіметінің коронавируспен күресу үшін құрған Дағдарысқа қарсы қоры 756 млрд. сум ($74,6 млн) жұмсады. Бұл мәліметті елдің қаржы министрлігі 15 сәуірде таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, 411 млрд. сум ($40,6 млн) арнайы ауруханалар мен карантин аймақтарын салуға және оларды құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге жұмсалған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау агенттігіне қордан 226 млрд. сум ($22,3 млн) бөлініпті.
123 миллиард сум ($12 млн) тест-жүйелер, реагенттер және сақтану заттарын алуға; 93 миллиард сум ($9 млн) қоғамдық орындарды дезинфекциялауға, карантин орталықтарында жұмыс істейтіндердің айлығын төлеуге, медицина қызметкерлеріне сыйақы тағайындауға жұмсалады.
Әлеуметтік салаға барлығы 117 миллиард сум ($11,5 млн) бөлінген.
Оның 50 миллиард сумы ($5 млн) жұмыссыздарды уақытша жұмысқа тартуға, 30 миллиарды (шамамен $3 млн) - жағдайы нашар отбасыларды қолдауға 26 миллиарды ($2,5 млн) - әлеуметтік жәрдемақыға жұмсалған.
Осы уақытқа дейін Дағдарысқа қарсы қорға 1,6 трлн сум ($158 млн) түскен. Оның 1 триллион сумы ($98,8 млн) халықаралық қаржы институттарынан алынған несиеден, қалғаны Өзбекстан бюджетінен алынған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851041-koronavirus-zbekstan-arnajy-auruhanalar-saluga-40-mln-dollar-bldi/