Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде 2 млн-нан аса адам жұқтырған: Коронавирустың күтпеген белгілері пайда болды

Опубликовано:

Джонс Хопкинс университетінің ақпарынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны екі миллионға жетті. Соған қарамастан, Еуропа елдерінде Дания бірінші болып мектептерді ашып жатыр. Ал Испанияда тәуліктегі қайғылы жағдай деңгейі қайта төмендеді. Қатерлі дертпен күресіп жатқан ақ халаттылар коронавирустың жаңа белгісін анықтады. Ол - табандағы терінің зақымдануы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Christopher Furlong/Getty Images
Фото: Christopher Furlong/Getty Images: Facebook

Соңғы деректерге сәйкес, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 млн, ал қайтыс болғандар-128 мың. Жарты миллионнан көп адам аурудан айығып шықты. Қауіпті дертке шалдыққандардың 600 мыңы АҚШ-та тұрады. COVID-19 жұқтырғандар статистикасы 2 сәуір күні 1 миллионды көрсеткен. Алайда Би-би-си статистика агентігінің басшысы шынайы сандар әлдеқайда көп болуы мүмкін деп есептейді.

Германия канцлері Ангела Меркель келесі аптадан бастап карантиндік шектеулерді бәсеңдету туралы шешім қабылдады. Ол әлеуметтік қашықтық бойынша шаралар кем дегенде 3 мамырға дейін жалғасатынын, бірақ кішігірім дүкендер келесі аптада жұмыс бастайтынын мәлімдеді. Ал шаштараздар мен неміс мектептері ісін 4 мамыр күні бастайды, ел азаматтарына қоғамдық көліктер мен дүкендерде маска тағу міндеттелді.

Джонс Хопкинс университеті мәліметінше, Германияда коронавирус жұқтырудың 132 мың дерегі расталған, бірақ елде қайғылы жағдай басқа Еуропа елдеріне қарағанда айтарлықтай аз тіркелген.

Пандемия уақытында 3,5 мың неміс науқасы қайтыс болды. Ал бұл уақытта Италияда 21 мыңнан аса, Испанияда 18,5 мыңға жуық, ал Ұлыбританияда 12,8 мың өлім тіркелді.

Карантин шараларын енгізген Еуропа елдерінің қатарынан Дания бірінші болып мектептерді ашып жатыр. Әзірге тек 11 жастан кіші балаларға арналған бастауыш мектептер іске кірісті. Данияда коронавирус тарауының деңгейі басқа Еуропа елдерінен аз. Мемлекетте 6681 дерек тіркеліп, 299 адам қайтыс болған. Көршісі Швецияға қарағанда Дания адамдар қозғалысын шектейтін шараларды тез қабылдады.

Ал Испанияда екінші күн қатарынан өлім саны азайып жатыр. Сәрсенбі күні денсаулық сақтау министрлігі 523 қайғылы жағдай туралы мәлімдеді, бұл өткен тәуліктерге қарағанда 44 адамға аз. Испания коронавирус тарауы бойынша Италия мен АҚШ-тан кейін тұрған мемлекет. Соған қарамастан, елде сейсенбі күні компаниялардың бірнеше санаты жұмысқа оралды.

Британиядағы статистика қарттар үйіндегі өлім деңгейі жоғары екенін көрсетіп отыр. Үкімет жақында әрбір сегізінші қарттар үйінде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлім етті. Сәрсенбі күнгі дерек бойынша, Британияда соңғы тәулікте пандемияға байланысты 761 адам қайтыс болған.

Италиялық және испаниялық ақ халаттылар табан терісіндегі зақымдар коронавирустың жаңа белгісі болуы мүмкін деп есептейді.

Фото: CGCOP.ES/Би-би-си
Фото: CGCOP.ES/Би-би-си: Twitter

Атап айтқанда, бұл нұсқаны испаниялық Ортопедтер кеңесі ұсынды. Франция, Испания мен Италияда COVID-19 жұқтырған науқастардың табанында кішігірім жаралар мен қызыл теңбілдер байқалған. Бұл көбіне балалардың табанында көрінеді екен. Олар көп пайда болмайды, бірақ шыққан жағдайда ақ халаттыларға жүгінген дұрыс деп есептейді мамандар.

Аурудың күтпеген белгісі туралы италиялық балалар дерматологы да айтты деп хабарлайды Metro газеті. Италиялық Бари қаласының дәрігері табандағы белгілер әр бесінші науқастан байқалған дейді.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1295-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851042-lemde-2-mln-nan-asa-adam-zktyrgan-koronavirusty-ktpegen-belgileri-pajda-boldy/

pixel