Лондон - Петропавл рейсінің екі жолаушысы коронавирус жұқтырған
Опубликовано:
СҚО-да коронавирус инфекциясының соңғы 2 жағдайы туралы ақпарат пайда болды. Лондон - Петропавл рейсіндегі 2 жолаушында диагноз расталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

14 сәуірде Петропавлға Ұлыбритания астанасынан жолаушылар мінген борт келді.
Олар карантинге жатқызылды. Осы борт жолаушыларының ішінде 2 адам коронавирус жұқтырған.
Sputnik Қазақстан СҚО ДККБТУ-ға сілтеме жасап, барлық жолаушылардан алынған талдау нәтижелерінің 40 жастағы әйел мен 20 жастағы студентте коронавирус бар екендігін көрсеткенін хабарлады.
Ауруханаға түскендердің жағдайы қанағаттанарлық. Байланыста болған тұлғалармен жұмыс жалғасуда деп атап өтті ведомствода.
Еске салайық, бір күн бұрын Өскеменге 180 жолаушысы бар рейстің келіп жеткені белгілі болған. Эвакуациялық борт адамдарды Тайланд, Вьетнам және Индонезиядан әкелді.
Жолаушылардың ішінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, олармен бірге ресейліктер мен қырғызстандықтар да болды.
Эвакуацияланғандар бортқа жіберімес бұрын тексерілген, сонымен қатар Өскеменге қонғаннан кейін де талдаулар жүргізілген.
Ресей Федерациясының азаматтары полициямен және Ресей дипломатиялық миссиясының қызметкерлерімен бірге үйлеріне жіберілді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851051-london-petropavl-rejsini-eki-zolausysy-koronavirus-zktyrgan/