Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде көшеде жерде жатқан ер адамның видеосы тарады

Жарияланған күні:

Әлеуметтік желілерде жерде жатқан адам мен оның жанында тұрған полицейлердің видеосы пайда болды. Автор оқиғаға пікір білдіре отырып, ұсталған адамның бұғанасы сынғанын айтады. Мән-жайды СҚО полиция департаменті баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Полиция жақ сүйегін сындырған": Көшеде жерде жатқан ер адамның видеосы желіде тарады
Фото: Видеодан кадр: UGC

Оқиғаның Петропавлда болғаны хабарланды.

Кадрдан тыс куәгер: "Қызметкерлер азаматқа шабуылдады және оның қолы мен бұғанасын сындырды. Жерде жатыр. Телефонмен сөйлесіп тұрғаны сындырды", дейді.

Видеоға түсіп қалған тәртіп сақшылары шын мәнінде әлдекімге хабарласып жатқанын байқауға болады. Олар жерде жатқан адамға жақындаған сайын ол бейәдеп сөздерді жаудырған.

Желі қолданушылары құқық қорғау органдарының әрекеттерін сынға алды.

СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде жарияланған видеоның үзіндісі 11 сәуірде Петропавл қаласындағы аулалардың бірінде болған оқиғаның толық бейнесін көрсетпейді.

Белгілі болғандай, сол күні шамамен кешкі сағат сегіз шамасында "102"-ге Назарбаев көшесінің бойында екі ер адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына ең жақын полиция жасағы жіберілген.

Белгілі болғандай тұрғын үйдің кіреберісіне жақын жерде 1988 және 1987 жылы дүниеге келген екі көршінің арасында төбелес болған. Олардың бірі мас күйде еді.

Сондай-ақ, әйел адам да жанжалдың бір қатысушысы болған. Тәртіп сақшылары оларды сабырға шақыруға тырысқан.

Алайда, ер азаматтардың бірі полицияның заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талабын елемеген.

Тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде полицейлер самбо әдісін қолданған. Одан қала тұрғыны дене жарақатын алған (бұғанасы сынған). Зардап шеккен ер адам Петропавлдағы 3-қалалық ауруханасына жеткізілген.

Айта кетейік, 3 сәуірден бастап Петропавлда карантин режимі енгізілген. Тұрғындарға үйден себепсіз шығуға болмайды.

Алайда, ер адамдар енгізілген шектеулерге қарамастан далада жүргінімен қоймай, ойын алаңында төбелескен.

Ведомствода сондай-ақ, 12 сәуірде СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшылығы азаматтың дене жарақатын алу фактісін ҚР ҚК 362-бабы бойынша СДТБТ-ға енгізгенін хабарлады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851134-zelide-ksede-zerde-zatkan-er-adamny-videosy-tarady/