Төтенше жағдай ел экономикасына қалай әсер етті: Абаев пікір білдірді
Опубликовано:
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдайдың ел экономикасына қалай әсер ететінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы министр "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында мәлімдеді.
"Карантин шаралары біздің ғана емес, әлем экономикасына өзгертулер енгізді. Қазірдің өзінде біздің бюджетке пандемия ықпалы сезілді. Әрине, алдағы уақытта да негативті факторларға тап боларымызды жоққа шығармаймыз. Үкімет оған дайын", - деді Абаев.
Ол 2020 жылдың алғашқы тоқсанында экономиканың базалық секторларында өсім байқалғанын жеткізді.
"Мысалы, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, құрылыста өсім бар, тіпті инвестициялар да артқан. Бұның барлығы көңілге оптимизм ұялатады. Мұндай бекемдік запасы индустрияландыру бағдарламасының арқасында құрылды. Химиялық өнеркәсіпте өндіріс көлемі екі есеге артты. Фарминдустрия мен жеңіл өнеркәсіп те артып келеді", - деді сқпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Айта кетейік, бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дәурен Абаев Елбасының денсаулығына қатысты қауесетке пікір білдірген болатын.
Министр "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасының қонағы болып, сұхбат барысында Елбасының денсаулығына қатысты тараған сыбыстарға да жауап қатты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851239-ttense-zagdaj-el-ekonomikasyna-kalaj-ser-etti-abaev-pikir-bildirdi/