Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1400-ден асты
Опубликовано:
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1402-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"16 сәуірдің 23:40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 40 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Алматы қаласында - 19, Шымкент қаласында - 2, Түркістан облысында - 4, Қызылорда облысында - 3, Атырау облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1", - делінген хабарламада.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 326 адам,
Алматы қаласында – 417 адам,
Қарағанды облысында - 84 адам,
Ақмола облысында - 81 адам,
Атырау облысында - 71 адам,
Жамбыл облысында - 53 адам,
Шымкент қаласында - 45 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам,
Алматы облысында - 29 адам,
Ақтөбе облысында - 14 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам,
Павлодар облысында - 13 адам,
Маңғыстау облысында - 12 адам,
Қызылорда облысында - 134 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 26 адам,
Түркістан облысында - 53 адам,
Қостанай облысында - 7 адам, жалпы 1402 науқас тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851241-kazakstanda-koronavirus-infekciasyn-zktyrgandardy-sany-1400-den-asty/