Полиция қызметкері мен тұрғынның арасындағы кезекті жанжал видеоға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Ақмола облысында жергілікті тұрғын мен құқық қорғау органы қызметкерінің қатысуымен жанжал орын алды. Полиция қызметкері баламен серуендеп жүрген ауыл тұрғындарының біріне оның карантин ережелерін бұзғанын түсіндіруге тырысқан. Алайда әйел адам тәртіп сақшысының сөзіне құлақ аспай, өзімен бірге тұратын адамды шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысында ер адам мен полицей қызметкерінің жанжалы видеоға түсіп қалды (видео)
Фото: Polisia.kz видеосынан кадр: UGC

Оқиға Нұр-Сұлтанға жақын жерде орналасқан Қосшы ауылында болған. Тәртіп сақшысы "Лесная поляна" тұрғын үй кешені аумағын аралап жүріп, баламен қыдырып жүрген әйел адамды байқаған.

Polisia.kz-тің мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкері жергілікті тұрғынға ескерту жасап, үйге оралуын сұрайды.

Алайда ауыл тұрғыны полиция қызметкерінің өтінішін орындаудың орнына өзімен бірге тұратын ер адамға хабарласқан. Ол өз кезегінде қарсылық білдіріп, тіпті, тәртіп сақшасына күш көрсеткен.

Сондай-ақ жанжалға әйел адамның үлкен ұлы мен жол жөнекей өтіп бара жатқан адам да қосылған. Ол жерлестерін жақтаған.

Аталмыш жайттан кейін 39 жастағы ер адамға қатысты "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттерге күдікті болып отырған ер адам тергеу изоляторында. Ал онымен бірге тұратын 38 жастағы әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жанжалдың үшінші қатысушысы әлі анықталған жоқ, полиция күдіктіні іздестіруде. Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп беріп, шектеу шараларын облыстың барлық азаматтары құрметтеуі керектігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде жерде жатқан адам мен оның жанында тұрған полицейлердіңвидеосы тараған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851276-policia-kyzmetkeri-men-trgynny-arasyndagy-kezekti-zanzal-videoga-tsip-kaldy-video/